|
19.03.2023 | 13:45
1431

Сайлау-2023: дауыс беріп, сыйлыққа кітап ал

Алматы қаласы Бостандық ауданында №254 сайлау учаскесі Ұлттық кітапханада орналасқан

Сайлау-2023: дауыс беріп, сыйлыққа кітап ал РСК

Алматы қаласы Бостандық ауданында №254 сайлау учаскесі Ұлттық кітапханада орналасқан. Мұнда дауыс беруге келген сайлаушылар сыйлыққа кітап алып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Ұлттық кітапхананың директоры әрі сайлау комиссиясының төрағасы Бақытжамал Оспанованың айтуынша, таңертеңнен бері сайлауға келіп жатқан азаматтардың көңіл-күйі көтеріңкі. Бостандық ауданының тұрғындарына сайлау учаскесінде кітаптан бөлек түрлі кәдесыйлар мен тәттілер де таратылды. Ата-анасымен еріп келген балақайларға шоколадтар берілді. Сыйдың төресі – кітап. Қазақстанның ертеңі үшін Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарына дауыс беруге келгендерге Герольд Бельгер, Хасен Әдібаев, Ермек Тұрсынов, Ескермес Ескендіров, басқа да авторлардың кітабы сыйға тартылды.  

Жалпы Ұлттық кітапханадағы сайлау учаскесі түрлі-түсті шарлармен, әдемі гүлдермен безендірілген. Қазақтың күйлері ойнап тұр. Рухың көтеріліп қалады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир