|
13.01.2021 | 19:30
7910

Алматыда сайлау қорытындысы талқыланды

Жиынға қатысқан саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері сайлау нәтижесін талқылады

Алматыда сайлау қорытындысы талқыланды

Сайлаудың пропорционалды тәртіпте өтуі демократиялық жүйенің дамуына ықпал етеді. «Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған конференцияда сарапшылар осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға қатысқан саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері сайлау нәтижесін талқылады.

«Бізде бұған дейін мәслихат құрамы 39 «Нұр Отан» партиясынан, 1 «Ақ жол» және 1 «Ауыл» партиясынан тұрды. Бұл мажоритарлы жүйде болған еді. Ал енді пропорционалдық жүйе тәртібі не берді? Сайлау нәтижесінде «Нұр Отаннан» енді 29, ақ жолдықтар саны 4, «Ауыл» партиясынан 3, «Қазақстан Халық партиясынан» 3 адам депутаттық мандатқа ие болды. Бұл пропорционалдық тәртіптің мәслихатқа басқа да партиялардың енуіне мүмкіндік берді. Сондықтан мұндай тәртіп демократиялық жүйе құруға ықпал етеді», – деді саясаттанушы Марат Шибұтов.

Кездесу барысында  жаңадан сайланған депутаттардың бірқатар міндеттері талқыға түсті. Ең бастысы, партиялар өз бағдарламаларын, халыққа берген уәделерін міндетті түрде  жүзеге асыруы тиіс, дейді сарапшылар.

«Сол рейтингтің ішінде қандай депутат, қандай жұмыстар атқарып жатыр. Халықпен қалай қарым-қатынас жасап жатыр, қаншалықты ол депутаттық сұранысты жіберіп жатыр, қалай мемлекеттік органдармен жұмыс атқарып жатыр. Сол әр депутаттың жеке рейтингін жасаймыз», – деді қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Қазыбек Шайх.

«Ел мысалы олардың сайлаушылары оларды қолдап, дауысын берді. Енді айту керек қой қалай істейсің экономикаңды, қалай көтересің, қай мәселені көтеру аз, оны істеу керек», – деді «Алматы азаматтық альянсы» сайлау рәсімдерінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету орталығының басшысы Әділ Жүнісов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир