|
20.03.2023 | 18:35
2459

Қазақстанның ОСК жұмысты жүйелі түрде ұйымдастырған – Бахтиер Худоёрзода

Мамандардың сөзінше, саяси науқанның қорытындысына кері әсер ететін заң бұзылмаған

Қазақстанның ОСК жұмысты жүйелі түрде ұйымдастырған – Бахтиер Худоёрзода Almaty.tv

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік сайлауды қорытындылады, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұйым тарапынан келген байқаушылар саяси додада бәсекеге толы болғанын айтты. Оларды бірмандатты округтер арасында  кандидаттың көп тіркелгені қуантқан. Бүгін түстен кейін брифинг өткізген ұйым мүшелері, сайлауалды жарысқа қатысушылар науқанды белсенді әрі еркін жүргізгенін айтады.

«Партиялық платформалар мен месседждер әлеуметтік және экономикалық мәселелердің жақсаруын көздейді. Науқан айтарлықтай бәсекеге толы болды. Ірі қалалардағы мажоритарлы жүйемен қатысушылардың көптігін байқадық. Сонымен қатар, сайлауға дайындық жақсы ұйымдастырылған. Орталық сайлау комиссиясы әрбір брифингін тікелей эфирде өткізіп, нәтижелерін жедел жариялап отырды», – деді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы парламенттік ассамблеясы делегациясының жетекшісі Райнхольд Лопатка.

Еуропалық ынтымақтастық ұйымынан кейін бірден ТМД елдерінің мүшелері де сайлауға деген өз бағаларын берді. Мамандардың сөзінше, саяси науқанның қорытындысына кері әсер ететін заң бұзылмаған.

«Қазақстанның ОСК жұмысты жүйелі түрде ұйымдастырған. Халыққа түсіндірме жұмыстары да жақсы жүргізілгенін байқадық. Кешегі науқан осы елдің сайлау туралы талаптарына сай өтті деп айтуға болады. Басты жаңалық бұл додаға аралас жүйемен түсу болды деп есептеймін», – деді Тәжікстан республикасы ОСК төрағасы Бахтиер Худоёрзода.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир