|
30.01.2023 | 18:52
2739

Сайлау-2023: Бір мандатты депутат азаматтардың мүддесін мінберде көтеруге мүмкіндік алады

«Қоғамдық пікір» зерттеу институты 25-28 қаңтар аралығында телефон арқылы арнайы сауалнама жүргізген

Сайлау-2023: Бір мандатты депутат азаматтардың мүддесін мінберде көтеруге мүмкіндік алады Сурет: gov.kz

Алдағы Мәжіліс сайлауына қазақстандықтардың қызығушылығы жоғары. «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 25-28 қаңтар аралығында телефон арқылы арнайы сауалнама жүргізген. Нәтижесінде оған қатысқандардың жартысынан көбі төменгі палата мен мәслихат депутаттарын сайлауға баратындарын мәлімдепті. Саясаттанушы Марат Башимовты осы жолғы депутаттар көппартиялы және мажоритарлы болып сайланатыны қуантады. Себебі бір мандатты халық қалаулысы азаматтардың мүддесін мінберде көтеруге мүмкіндік алады.

«Жергілікті халық нені айтып отыр? Ұсынысын қалай іске асырамыз? Осы сауалдар бірінші орында тұрады. Сайлаудан кейін Парламенттің көзқарасы мүмкін басқаша болатын шығар. Бәсекелестік болады деп ойлаймын. Сондай-ақ пиар да, көзбояушылық та көп болуы мүмкін», – деді саясаттанушы Марат Башимов.  

Оның айтуынша, депутаттыққа сөзі мен ісі сәйкес келетін азаматтар баруы керек. Сондықтан  ол қазірден бастап дауыс берерде әр азаматты тексеріп, таңдау керегін айтты.  Ал Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының маманы депутаттардың құрамында көбірек дискуссия, тартыс болады деп болжайды. Себебі төменгі палата құрамының 30 пайызы бір мандатты депуттаттардан жасақталады. Оның үстіне көппартиялы Парламент тағы бар. Қысқасы, заң шығару органында пікір алмасу жан-жақты болатынына сенеді.

«Мажоритарлы жүйемен сайланады. Олардың әсері жария саясатты дамыту деп білем. Дискуссияны интернет не көшеде емес, ресми түрде республикалық деңгейде арнайы саяси институтта жалғастырады деп сенеміз», – деді Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Ермек Тоқтаров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир