|
22.11.2022 | 20:44
490

Әсет Иманғалиев Президентті ел болып қолдау керегін айтты

Әсет Иманғалиев Президентті ел болып қолдау керегін айтты Almaty.tv

Қазақ ықылым заманнан мал шаруашылығымен айналысады, саланы дамыту қажет. Осылай үміттенетін әнші Әсет Иманғалиев Президентті ел болып қолдау керегін айтты.

«Өз Президентімізді сайлап алдық қой. Жаңа Қазақстан, әділ Қазақстан дейміз, еліміздің ертеңі – ұрпағымыз үшін өзгертетін өзгеріс көп. Ел ретінде қолымыздан келгенше көмектесуіміз, қолдауымыз қажет деп ойлаймын. Мал, ауыл шаруашылығымен ықылым заманнан айналысып келген халықпыз ғой, ауыл шаруашылығын көтерсе, елге, жерге көңіл бөлсе деген ниетіміз бар. Сол жағынан өзгерістер болатын шығар деп үміттенеміз», – деді актер Әсет Иманғалиев.

Еске салайық, Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындылары жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды. Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир