|
14.01.2021 | 18:05
7625

Мәжілістің 107 депутатына куәліктер мен белгілер тапсырылды

VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша «Nur Otan» партиясынан 76 депутат, «Ақ жол» партиясынан 12 депутат, Қазақстан халық партиясынан 10 депутат сайланса, Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды

Мәжілістің 107 депутатына куәліктер мен белгілер тапсырылды Almaty.tv

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 7-ші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттарын тіркеді. 107 депутатқа куәліктер мен белгілер тапсырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Комиссия мүшесі Анастасия Щегорцова «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-де 1-бабының 5-тармағына сәйкес, депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігі саяси партияның басшы органы сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап 10 күннен кешіктірмей айқындайтынын айтты.

«Ақ жол», «Nur Otan» және «Қазақстанның халық партиясы» саяси партияларының тиісті құжаттары осы жылдың 12 және 13 қаңтарында ҚР ОСК-ге ұсынылды. Сонымен қатар сайлау заңнамасы негізінде Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық комиссиясы ОСК-ге Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау хаттамасын ұсынды. Конституциялық заңның 98-бабына сәйкес, ОСК сайланған Мәжіліс депутаттарын тіркейді»,– деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова.

Бұдан соң Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қаулы жобасына бірауыздан дауыс беріп, комиссия төрағасы Берік Имашев жаңа сайланған Мәжіліс депутаттарына куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсырды.

Айта кетейік, сайлау қорытындысы бойынша VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша «Nur Otan» партиясынан 76 депутат,   «Ақ жол» партиясынан 12 депутат, Қазақстан халық партиясынан 10 депутат сайланса, Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир