|
05.10.2022 | 23:00
575

Халықтың жағдайын жақсартамыз деген мүддеден шыққан сайлау – Сәуле Досжан

Халықтың жағдайын жақсартамыз деген мүддеден шыққан сайлау – Сәуле Досжан abai.kz

Ақын, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан 20 қарашада өтетін Кезектен тыс президент сайлауын «халықтың жағдайын жақсартамыз деген мүддеден шыққан сайлау» деп есептейді. Бұл туралы ол Almaty.tv тілшісіне берген сұхбатында айтты.

«Халық сайлауға дайын. Елімізде экономикалық реформалар жүріп жатыр. Жолдаудағы бастамалар жүзеге асуы үшін елімізде тұрақтылық болуы керек. Президент 7 жылға бір рет сайланады деп жатыр. Жұмыс істеймін деген адам 7 жылда үлкен істер атқара алады. Бұл – халықтың жағдайын жақсартамыз деген мүддеден шыққан сайлау. Сондықтан түбі мемлекетімізге жақсылық әкеледі деп сенемін», – деді ақын, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

сайлау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир