|
05.10.2022 | 23:48
785

Сайлауда біз президентті ғана емес, еліміздің болашағын таңдаймыз – Бағдат Анарбаева

Сайлауда біз президентті ғана емес, еліміздің болашағын таңдаймыз – Бағдат Анарбаева Almaty.tv

«QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрайымы Бағдат Анарбаева кезектен тыс президент сайлауынан не күтеді? Almaty.tv тілшісі сайлау жайлы пікірін біліп қайтты.

«Сайлау – еліміздегі әрбір адамның азаматтық құқығы, міндеті. Сайлауда біз тек президентті таңдамаймыз, еліміздің болашағын, өзіміздің болашағымызды таңдаймыз.  Бұл сайлаудан тек жақсы өзгеріс күтемін. Әлеуметтік бағытта болсын, саяси бағытта болсын, жаңа реформалар жүзеге асырылып, елемізде бейбітшілік сақталсын. Әлеуметтік салада жұмыс істеген соң, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеретін өзгерістер болады деп ойлаймын», – деді «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорының төрайымы Бағдат Анарбаева.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир