|
20.12.2021 | 09:10
2391

Junior Eurovision–2021: қазақстандық өнерпаздар 8-орынды иеленді

Парижде Junior Eurovision-2021 халықаралық ән байқауының дауыс беру қорытындысы шықты

Junior Eurovision–2021: қазақстандық өнерпаздар 8-орынды иеленді Junioreurovision.tv/YESSERKENOV ARMAN

Парижде 19-шы Junior Eurovision–2021 ән байқауы аяқталды. Биылғы конкурста армениялық Малена 224 дауыс жинап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Польшадан келген қатысушы Сара Джеймс 218 дауыспен екінші орынды иеленді. Үздік үштікті Франция өкілі Энцо түйіндеді (187 дауыс).

Қазақстандық дуэт Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлы дауыс беру нәтижесі бойынша 121 ұпай жинап, 8-орынды иеленді.  

Жас өнерпаздар "Ертегі әлемі" әнін қазақ және француз тілінде шырқады. Әлинұр қазақша ән салса, Бекнұр француз тілінде рэп айтты.

2018 жылдан бері Junior Eurovision–2021 ән байқауында Қазақстанның атынан тек жеке әншілер өнер көрсетті. Биыл ұлттық іріктеуде Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин бірдей балл жинады. Олар сахнада бірге ән шырқайды деген шешім қабылданды.

Junior Eurovision байқауына әлемнің 19 елінен балалар қатысты: Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Албания, Армения, Болгария, Германия, Грузия, Ирландия, Испания, Италия, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Солтүстік Македония, Сербия, Украина және Франция.

Айта кетейік, музыкалық байқау тарихында Қазақстанның жас орындаушылары жоғары нәтиже көрсетті.

Қазақстан алғаш рет байқауға 2018 жылы қатысты. Сол жылы Данэлия Төлешова "Өзіңе сен" әнімен алтыншы орын алды.

2019 жылы Ержан Максим "Арманыңнан қалма" әнімен екінші орынды иеленді.

"Балалар Евровидениесінің" тағы бір жұлдызы – 12 жасар Қарақат Башанова. Ол 2020 жылы байқауда екінші орын алды.

Сахнаға ол періште бейнесінде шықты. Ол өзінің қайтыс болған әкесіне арналған әнді орындады. Әннің авторы – композитор Хамит Шанғалиев. Ол содан бір жыл бұрын Ержан Максим байқауда орындаған әнді жазған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир