|
10.02.2021 | 17:44
2572

Жахан Отарғалиев: Жасым қырыққа келсе де, ерке күйеу баламын

Балжан шығармашылығы мен отбасын қатар ұстап жүретінін айтты

Жахан Отарғалиев: Жасым қырыққа келсе де, ерке күйеу баламын

Желтоқсанда некесін қиып елді таңғалдырған актер Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаш  «Алматы» телеарнасындағы «Таңғы студио» бағдарламасының қонағы болды. Бағдарламада олар отбасындағы және шығармашылығындағы қызықтары мен жаңалықтарын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Балжанның қылықтылығына ғашық болған Жахан үйлену тойын наурыз айына жоспарлағанын айтты.

«Үйлену тойымды Нұрболхан мен атыраулық інім Дамир Мырзагереев жүргізеді. Нақты қай күні болатыны белгісіз, той өткізуге рұқсат берсе, күні ертең жасауға бармын. Балжанға сырға салып, құда түскенде тойды наурыз айының соңында жасаймыз дегенбіз. Әлі де сол ойдамыз, бірақ елдегі жағдай тұрақталғанша, нақты айта алмай отырмыз. Ағайын, туыс, жақындарымның бәрі Оралда болғандықтан, той сол қалада болады», – деді актер.

Әнші Балжан Бидаш қандай келін екенін айтты.

«Мен батыс өңірінің келіні болғандықтан, "батысша" келінмін», – деді Балжан.

Сөзін іліп алған Жахан: 

«Балжанды жәйлап батыстың салтына, тіліне үйретіп жатырмын. Біз жақта сөздерді тез айтып, қаттырақ сөйлеуі мүмкін. Ертең біз жаққа келін болып түскен соң емін-еркін аралассын дегенім. Жасымыз қырыққа келсе де, мен – ерке күйеу баламын, ол – ерке келін», – деді Жахан.

Ал Балжан шығармашылығы мен отбасын қатар ұстап жүретінін айтты.

«Неке қимас бұрын Жаханмен келісіп алғанбыз. Әншілік жолымды тастамаймын, бірақ жұмыс ретінде емес, өз жан-дүниемді шығару үшін, хобби ретінде ән айтуды жалғастырамын», – деді Бидаш.

Жахан мен Балжанның өзге де жаңалықтарын «Таңғы студио» бағдарламасынан көре аласыздар.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир