|
17.11.2020 | 14:45
6194

Алматы – Тәуелсіздік бесігі: «Алматы» арнасында жаңа жоба көрермен назарына жол тартты

«Алматы» телеарнасы Тәуелсіз Қазақстанның маңызды тарихи оқиғаларына шолу жасайды

Алматы – Тәуелсіздік бесігі: «Алматы» арнасында жаңа жоба көрермен назарына жол тартты Almaty.tv

«Алматы» телеарнасы 16 қарашадан бастап еліміздің тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған жаңа жоба  көрермен назарына жол тартты. 

Қазақстан – бүгінде қарыштап дамыған, алпауыт елдермен терезесін теңестірген мемлекет. Әрине, бұл жетістік оңайлықпен келген жоқ. Даму жолымыз қалай басталды? «Алматы» телеарнасы Тәуелсіз Қазақстанның маңызды тарихи оқиғаларына шолу жасайды.

Алматы – тәуелсіздіктің туын желбіреткен қала. Алашқа арман болған азаттықтың алтын бесігі. Ел егемендігінің жылнамасы осы шырайлы шаһардан бастау алды. Мемлекеттің іргесін бекітіп, тұғырын нығайтқан да – әсем қала Алматы. Сондықтан да Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұсынылып отырған арнайы жобаны «Алматы – Тәуелсіздік бесігі» деп атадық.  

16 желтоқсанға дейін күн сайын эфирге шығатын арнайы хабарда егемендік жылдарындағы елеулі оқиғалар мен жеткен жетістіктер, қабылданған маңызды саяси шешімдер мен құжаттар жөнінде айтылады. Қазақстанның дүниежүзі қауымдастығында дербес, демократиялы ел болып қалыптасуы жолында еңсерілген қиындықтар мен атқарылған жұмыстар қамтылады. 1991-2020 жылдар аралығындағы Тәуелсіз Қазақстанның тарихи сәттері баяндалады.

Тәуелсіздік мерекесіне арнайы дайындалған жылнамалық хабарды «Алматы» телеарнасының эфирінен 16 қарашадан 16 желтоқсан аралығында күн сайын кешкі жаңалықтардан соң көре аласыздар.  

«Алматы» арнасы қосулы болсын!

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир