|
30.11.2021 | 11:57
432

«Канело» менен қашып, дивизион ауыстырған болуы мүмкін – Головкин

«Канело» менен қашып, дивизион ауыстырған болуы мүмкін – Головкин inform.kz

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің ойынша, Сауль «Канело» Альварестің дивизион ауыстыру туралы шешімі оның үшінші рет қазақстандықпен жекпе-жекке шыққысы келмегенімен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Екеуінің 2018 жылы болған айқасынан кейін мексикалық толығымен екінші орта дивизионды біріктіріп, орташа ауыр салмақтағы титулды жеңіп алды. Енді ол крузервейтке көтерілуді жоспарлап отыр. 

"Оның салмақ санатын өзгертуінің басты себебі осы (үшінші жекпе-жектен қашу) демеймін. Алайда бұл нұсқа рас көрінеді. Ол DAZN алдындағы міндеттеріне қарамастан, менімен үшінші рет рингке шыққысы келмеді. Орнына басқа жолды таңдады. Бұл жағдай оның менен қашып жүргенін растайды. Дегенмен оның дивизион ауыстыруының басты себебі мен деп қатты айтпай-ақ қояйын", – деді Головкин El Paso Times-ке берген сұхбатында.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Канело
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир