|
20.05.2019 | 12:26
3321

Қарағандыда өткен жартылай марафонға 6 мыңнан астам адам қатысты

Самой взрослой участнице исполнилось 82 года

Қарағандыда өткен жартылай марафонға 6 мыңнан астам адам қатысты  ekaraganda.kz

Қарағандыда үшінші рет Armanga jol жартылай марафоны өтті, деп хабарлайда ҚазАқпарат.

21 шақырым қашықтықта Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Беларусь елдерінің әуесқой және тәжірибелі марафоншылары жүгірді.

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Armana jol бас жүгірісін бастап берді. Марапаттау барысында спорт мерекесінің қонағы - аты аңызға айналған супермарафоншы Марат Жыланбаев басты жеңімпаздарды марапаттады.

Әлемнің барлық үлкен шөлдерінде жүгіріп өткен рекордсменнің қолынан 14 және 21 шақырым қашықтыққа жүгіргендер медальдар алды.

«Мен жүгіру елшісі ретінде бүкіл Қазақстан бойынша марафондарды ашамын. Қарағанды жартылай марафонына үшінші рет келіп отырмын. Менің туған жерімде осы жаңа бағыт дамып, одан әрі қанат жайып келе жатқанына қуаныштымын. Қарағанды «Жасампаз» жүгіру клубының арқасында әрдайым марафоншыларымен танымал болған. Мен бүкіл әлемге әйгілі қарағандылық Павел Сиротиннің шәкіртімін. Бүгін де Қарағанды еліміздің ең жүгіруші қалаларының қатарына кірді деп сеніммен айтуға болады. Бірінші орынды Алматы, екінші орынды елордамыз иеленеді. Үшінші орын үшін Қарағанды мен Атырау күресуде», - деп атап өтті Марат Жыланбаев.  

Оның айтуынша, жексенбі күнгі салқын ауа райы жүгірушілерге септігін тигізді. Марафондар үшін 10 градус жылылық қолайлы температура болып саналады. Жартылай марафон бағдарламасына алғаш рет скандинавтік жүру кірді. Жеті шақырымдық қашықтықта зейнеткерлер күштерін сынап көрді. Жарысқа қатысқан жүгірушілердің арасында ең егдесі 82 жастағы қарағандылық Таисия Зайцева болды.  

Ең кішкентай қатысушы 5 жасар бүлдіршін болды. Ол өзінің 8 жасар ағасын қолдауға келіп, онымен бірге тіркелмей, екі шақырым жүгіріп өтті. «Достық» жүгірісіне балалар үйінің ұлдары қатысты. Көптеген спортшылар қарағандылық жартылай марафонына бірнеше рет қатысқан. Көбісі өткен жылғы нәтижесін жақсарту үшін жыл бойы дайындалып келген екен. Нұр-Сұлтан қаласынан келген жеңіл атлетика бойынша жаттықтырушы Құдайберген Зейноллаев үш жыл бұрын 10 шақырым қашықтықта чемпион атанған болатын. Өткен жылы ол үздіктер қатарына іліне алмай қалды, алайда биыл 7 шақырымдық «Достық» дистанциясында жеңімпаз атанды.

«Спутник» жүгірісінің әйелдер арасындағы жеңімпазы 72 жасар Амегүлсін Мұсылманованың бұл 105-ші марафоны екен. Жартылай марафонның бас жүлдесі - миллион теңге шетелдік спортшыларға бұйырды. Екінші жыл қатарынан Гомельден келген Владислав Прямов Armanǵa jol чемпионы атанып отыр. Трассада ол қазақстандық Михаил Красиловпен бірдей жүгірді, алайда мәре сызығында Беларусь марафоншысы қарсыласын 7 секундқа бұрын келді.

21 шақырымға жүгіруде әйелдер арасында Бішкектен келген Дарья Маслова көш бастады. Жартылай марафонның жалпы жүлде қоры - 8 млн теңге. Барлық нәтижелермен толығырақ qaragandy-marathon.kz сайтында танысуға болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир