|
14.11.2019 | 17:39
3139

Қазақстан Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына 25 лицензия алды

Серік Сәпиев байрақты бәсекеде кімнен медаль күтетінімізге болжам жасады

Қазақстан Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына 25 лицензия алды

Келер жылы Жапония астанасы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындары бойынша ұлттық құрама еншісінде әзірге спорттың 14 түрінен 25 лицензия бар. Бұл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол сондай-ақ, байрақты бәсекеде кімнен медаль күтетінімізге болжам жасады.  

«Біз лицензиялардың санын Риода өткен Олимпиаданың деңгейінде аламыз деп жоспарлап отырмыз. Онда 104 лицензия болған. Шамамен 100 лицензия алуымыз керек. Келер жылы түрлі лицензиялық жарыстар ұйымдастырылады. Бірқатар спорт түрінде лицензиялық ұпайлар берілсе, кей түрлері бойынша лицензиялар нақты орындарға берілетін болады», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік СӘПИЕВ.

Серік Сәпиевтың сөзінше, басты үміт өткен Олимпиалық ойындардың жеңімпаздарынан болатынын жеткізді. Бұдан бөлек, күрес пен бокс бойынша да медаль аламыз деген үмітте.

«Қазір лицензиялар Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландинде бар. Олардың нәтижелері үздік екенін білеміз. Сондықтан спорттың осы түрлерінен жеңіске жетуге үміттіміз. Күрес бойынша әлем чемпонатының қорытындыларын да шығардық. Мәселен, Нұр-Сұлтанда өткен әлем чемпионатында күрес түрлері бойынша медаль алғандар да медальдерге таласады. Бокс бойынша да әлем чемпионаты өтті. Ол лицензиялық емес болған. Лицензиялық турнир келер жылдың ақпанында өтеді», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Серік СӘПИЕВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир