|
07.06.2019 | 20:37
1140

Ары кетсе 6 раундқа шыдайды»: Сарапшылар Головкин – Роллс жекпе-жегін осылай болжап отыр

Головкиннің қарсыласы – аса танымал емес, өз елінен ұзап шықпаған, жұмбақ боксшы

Ары кетсе 6 раундқа шыдайды»: Сарапшылар Головкин – Роллс жекпе-жегін осылай болжап отыр

Отандасымыздың елімізде көрсетілетін бокс кешіне комментатор болатын журналист Головкиннің жаңа артықшылықтары мен қарсыласының кемшіліктерін де тізіп шықты. Спорт сарапшысының пікірінше, жекпе-жек орта жолда аяқталып қалуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл жолы Головкинді мүлде жаңа қырынан тануға тағы бірнеше себеп бар. Бірінші себеп – оның жаңа бапкері Джонатон Бэнкстің экс-чемпионның жылдамдығын арттыруға күш салуы. Екіншіден, Геннадийдің калориясын, жүрісін, ағзасына түсетін күшін бақылап отыратын диетолог пайда болды.

«Бұл кездесуде Головкин Роллсті нокаутқа түсіруге іштей дайын жүрген сияқты. Меніңше, Роллс қатты қарсыласқанның өзінде әрі кетсе, алты раундқа шыдайды.  Дегенмен күні бұрын тоқмейілісуге болмайды. Өте мұқият болу керек. Головкин қорғана жүріп шабуылдау керек. Альвареспен екі кездесуінде де оның қорғанысы өте әлсіз болды. Егер осы жолы жылдамдықты қоса отырып қорғанысты жақсы ұстайтын болса, біз Головкиннен алғашқы раундта-ақ нокаут көруіміз мүмкін», – дейді спорт сарапшысы Есей ЖЕҢІСҰЛЫ.  

Ал отандасымыздың қарсыласы – аса танымал емес, өз елінен ұзап шықпаған, жұмбақ боксшы. Роллстың басты кемшілігі бұл оның Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасы тұрмақ, Америкада алғаш рет жекпе-жек өткізуге келуі дейді сарапшылар. Мәселен, кеше ғана бүкіл Ұлыбританияда ғана емес, әлемді шулатып, бір кешінің өзіне 80 мың адам жинап жүрген Джошуа Руис Американың нарығына бара сала ұтылып қалды. Сондықтан Канаданың аумағынан шықпаған, Америкадағы психологиялық қысымға  бірден төселіп, мықты қарсыласқа төтеп беруі Стивен Роллске оңай болмайды деп отыр алдағы айтулы додаға болжам жасаған мамандар.

«Головкинге тек қана жеңіс керек. Ол ол жолы өзінің алдыңғы жіберген есесін қайтаруы керек. Алда Сауль Алваресті де Гена айқын басымдылықпен жеңіп, өзінің мықты екендігін дәлелдеуі керек», – деді олимпиада чемпионы Ермахан ЫБЫРАЙЫМОВ

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир