Бокстан екі дүркін әлем чемпионы «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Боксшы, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдап, бейнеүндеу жазып, тазалық сақтау – қаланың әрбір тұрғынының міндеті екенін атады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Тазалық – денсаулық кепілі. Қалада тазалықты сақтау – әрбір тұрғынның міндеті. Алматы – біздің ортақ үйіміз», - деді Назым Қызайбай.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Новости партнеров