Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанын қолдады

қала әкімдігінің баспасөз қызметі
қала әкімдігінің баспасөз қызметі
Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы алматылықтарды «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына атсалысуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әйгілі спортшы халықты қалыс қалмауға, ортақ игі іске үлес қосуға, бірлескен күш-жігермен қаламызды таза әрі көркейтуге үндеді.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанына белсенді қатысыңыздар! Әр алматылық өзінің ауласын таза ұстаса, өзінің ауласын көгалдандырса Алматы қаламыз таза болады. Алматы қаласы көркейе берсін, гүлдене берсін!» - деді Ермахан Ибраимов.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды. Әрбір тұрғын қаланы дамыту мен көркейтуге үлес қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайты мен Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында жарияланады. Сондай-ақ, қаладағы баннер, плакат және афишалардағы арнайы QR-код арқылы веб-сайтқа кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Новости партнеров