|
27.02.2019 | 15:38
3003

Пәкістан коммерциялық рейстер үшін әуе кеңістігін жапты

Кашмир территориясында Үндістан қарулы күштерінің екі ұшағы атып түсірілгеннен кейін қабылданған

Пәкістан коммерциялық рейстер үшін әуе кеңістігін жапты

Сәрсенбі күні Пәкістанның Азаматтық авиация басқармасы коммерциялық рейстер үшін әуе кеңістігін жапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Пәкістан Азаматтық авиация басқармасы ұшқыштарға хабарлай отырып әуе кеңістігін жапты», - делінген басқарманың Twitter-гі парақшасында.

Мұндай шешім бүгін Исламабад бақылауындағы Кашмир территориясында Үндістан қарулы күштерінің екі ұшағы атып түсірілгеннен кейін қабылданған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир