|
26.06.2022 | 16:04
4356

Қазақстан мен Қытай 1 шілдеден бастап тікелей әуе қатынасын жандандырады

Қазақстандықтар ұшар алдында өзін-өзі оқшаулауда 10 күн өткізіп, екі зертханаға екі ПТР-тест тапсыруға тиіс

Қазақстан мен Қытай 1 шілдеден бастап тікелей әуе қатынасын жандандырады © pixabay/gustavmelin0

Қазақстан мен Қытай 1 шілдеден бастап тікелей әуе қатынасын жандандырады, деп хабарлайды Almaty.tv ҚХР-дың Нұр-Сұлтандағы елшілігіне сілтеме жасап.

Қазақстан коронавирустың ел аумағында таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың ақпанындв Қытаймен тұрақты жолаушылар авиатасымалын тоқтатты.

"Қытай мен Қазақстан арасындағы тиісті келісімге сәйкес, 1 шілдеде екі ел арасындағы тікелей коммерциялық рейстер қайта жанданды", - делінген елшіліктің хабарламасында.

Қазақстаннан Қытайға баратын жолаушыларға бірқатар рәсімнен өту қажет екені түсіндірілген. Олар ұшу алдында оқшаулануға 10 күн жұмсауы керек, денсаулығын өз бетінше бақылап, тиісті кепілдік хатқа қол қоюы керек.

Дереккөз: Sputnik

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир