|
23.08.2022 | 18:13
1625

Биыл жолдағы сәтсіз сапар салдарынан 8 жеткіншек ажал құшқан – ІІМ

100-ге жуығы жарақаттаныпты

 Биыл жолдағы сәтсіз сапар салдарынан 8 жеткіншек ажал құшқан  – ІІМ Ашық дереккөз

Жол-көлік оқиғаларында балалар өлімі жоғары. Биыл жолдағы сәтсіз сапар салдарынан 8 жеткіншек ажал құшқан. Тағы 100-ге жуығы жарақаттаныпты. Ішкі Істер Министрлігінің ақпарынша, кәмелетке толмағандардың кінәсінен 88 көлік апаты тіркелген, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Дені жастардың жол ережесін елеп-ескермеуінен» дейді құзырлы орган өкілдері. Соңғы 7 айдағы көрсеткіш бойынша көлік оқиғаларының саны 9 пайыз өскен.

«Әрбір жетінші апат жүргізушілердің елді мекендерде белгіленген жылдамдықты сақтамауынан туындайды. Жол көлік оқиғасының әрбір жетіншісі осы себепті қайтыс болады. Әрбір жетіншісі жарақат алады. Нәтижесінде соңғы 7 айда жылдамдықты асыру себебінен 1136 ЖК тіркелген», – деді ҚР ІІМ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир