|
12.08.2020 | 11:26
880

COVID-19: Алғаш Ресейде тіркелген вакцинаның суреті жарияланды

Президенттің айтуынша, вакцина сынағына өз қыздарының бірі де қатысқан, одан соң өзі де коронавирусқа қарсы екпе салдыртқан

COVID-19: Алғаш Ресейде тіркелген вакцинаның суреті жарияланды Фото: РФ ДСМ

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы әлемде алғашқы болып тіркеген вакциналарының суретін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Гам-Ковид-ВАК - адамның аденовирусына негізделген векторлы екі компонентті вакцина.

Вакцина қажетті қауіпсіздік және тиімділікті анықтаудың барлық сынақтарынан өтуі үшін жануарлардың бірнеше түріне (кеміргіштер мен приматтар), кейін өзі ерік танытқан азаматтардың екі тобына (әрқайсысы 38 адам) сыналды.

Вакцина құрамында COVID-19 вирусының компоненттері жоқ. Екі еселік инъекция схемасы ұзақ мерзімді иммунитетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Векторлық вакциналарды қолдану тәжірибесі (екі есе басқару схемасымен) мұндай жағдайда иммунитеттің екі жылға дейін сақталатынын көрсетеді.

Вакцинаның тіркелгені туралы Ресей президенті Владимир Путин 11 тамызда жариялады. Ол оның жанама жағымсыз әсер тудырмайтынын және тиімді жұмыс істейтінін атап өтті.

Президенттің айтуынша, вакцина сынағына өз қыздарының бірі де қатысқан, одан соң өзі де коронавирусқа қарсы екпе салдыртқан. Әр инъекциядан кейін (барлығы екеуі болды), оның температурасы аздап көтерілген.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир