|
05.05.2022 | 16:54
2206

Ресей НАТО-ға тағы да ескерту жасады

Украинада 3 мыңнан аса бейбіт тұрғын көз жұмған

Ресей НАТО-ға  тағы да ескерту жасады

Ресей НАТО-ның Украинаға қару-жарақ жеткізуіне тосқауыл жасайтынын тағы ескертті. Украина билігі Ресейді «зымырандық терроризм» жасады деп айыптады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ал халықаралық ақпарат көздері бұған дейін күлі көкке ұшқан Мариупольдегі драма театрында қаза тапқан адам саны 300 емес, одан да көп болуы мүмкін деген мәлімет таратып жатыр.

Жуырда ғана БҰҰ-ның араласуымен Украинаның Мариуполь қаласынан 300-ден аса тұрғын эвакуацияланған. Мәскеу билігі қалада қалған халықты қауіпсіз жерге шығару үшін гуманитарлық дәлізді кеңейтуге уәде еткен еді. Алайда бүгін Украинаның Қорғаныс министрлігі Мариупольдегі «Азовсталь» зауытына қайта шабуылдады деп мәлімдеді.

«Ресей зымырандарын кез келген уақытта, еліміздің кез келген қаласына жіберетінін анық айта аламыз. Ресейдің зымыран арқылы жасап отырған бұл әрекетін терроризм деп атауға толық негіз бар. Бұл Украина халқының үрейін күшейту үшін жасалып отыр», – деді Украинаның СІМ Дмитрий Кулеба.

Ал Ресей әскері Львовтағы электр стансасынан бөлек Украинаның басқа да аймағына 15 зымыран жіберген. Мәскеу сүңгуір қайық арқылы «Калибр» зымырандарымен жасалған шабуылды да растады. Осы арқылы Ресей бұдан былай Украинаға қару-жарақ жеткіземін деген НАТО-ның техникасы жойылатын болады деп ескертті.  

«АҚШ пен оның НАТО-дағы жақтастары Украинаға қару жіберуді жалғастырып жатыр. Солтүстік Тынық мұхитындағы альянсына Украина қарулы күштеріне көмектесу үшін қару мен материалдық құралдарын әкелген кез келген көлік құралы жойылады», – деді РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу.

Ал шетелдік агенттіктердің зерттеуінде наурызда қоршауға алынған Мариупольдің драма театрында қаза тапқандар саны 600-ге жуықтайды деген мәлімет тарап жатыр. Бұған дейін Украина билігі театрда 300 адам құрбан болғанын мәлімдеген еді. Қанды қақтығыстар басталғалы бері Украинада 3 мыңнан аса бейбіт тұрғын көз жұмғанын айта кетейік. 

Назкен Еркін, Рустам Аралбаев, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир