|
15.04.2022 | 16:19
537

Украинадағы жағдай адамзаттың 5,1 бөлігіне аштық пен кедейлік қаупін төндіріп тұр – БҰҰ

Владимир Путин Ресей газынан бас тартқан Батыс елдерін асығыс шешім қабылдамауға шақырды

Украинадағы жағдай адамзаттың 5,1 бөлігіне аштық пен кедейлік қаупін төндіріп тұр – БҰҰ You tube

Украинадағы жағдай адамзаттың 5,1 бөлігіне аштық пен кедейлік қаупін төндіріп тұр. Бұл туралы БҰҰ хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Владимир Зеленскийдің сөзінше, Мариуполь қаласында ғимараттардың 95 пайызы түгел қирап қалған. Буча мен Бородянка қалаларында әскери қылмыс дәлелдері іздестіріліп жатыр. Ал Владимир Путин Батыс елдерін Ресей газынан бас тартпауға шақырды. Әскери іс-қимыл кезінде қоршауда қалған Мариупольде инфрақұрылымдық нысандардың 95 пайызы күл талқан болды. Ал қираған қалаларда әскери қылмыс жасалғанын дәлелдеу мақсатында тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бомбадан кейін үйіндінің астында қалған Бородянка қаласының өзінде 1300 жарылғыш зат табылған. Ал елдің шығысында жағдай ушығып барады. Бұл туралы мәлімдеген Владимир Зеленский Батыстан санкцияны тағы да күшейтуді сұрады.

«50 күн бойы жалғасып жатқан қақтығыста Ресейдің түпкі мақсаты айқын. Ол – Донбассты толық талқандау. Жуырда Донецк пен Луганск аймағында тірі жан қалмауы мүмкін. Елдің шығысында ұрыс ушыққанда Батыс мемлекеттері лайықты жауап бермеді. Сондықтан Ресей билігі Украинаны қауқарсыз деп шешіп, үлкен ауқымда әскери іс-қимылдарын жасамақшы. Бірақ біз бұл қақтығысты жеңетінімізге сенемін», – деді Украина президенті Владимир Зеленский.

Ал Владимир Путин Ресей газынан бас тартқан Батыс елдерін асығыс шешім қабылдамауға шақырды. Оның айтуынша, бұл әлемдік экономикаға соққы береді. Бұған дейін Еуропалық Одақ 2030 жылға дейін ресейлік газды алуды толық доғару туралы байламға келген еді. Сондай-ақ «Газпром» мен «Роснефтьке» санкция жариялады.  

«Батыс елдері Ресейдің энергия ресурстарынан бас тартуы ақылға қонымсыз екенін мойындайды. Әсіресе Еуропа бізден алып отырған табиғи газды алмастыру мәселесін шеше алмай отыр. Алайда олар соңғы уақытта ресейлік жеткізілімдерді доғару туралы жиі айтып жүр. Бұл сол мемлекеттердің экономикасына әсер етеді. Кейін бағаны көтеріп, өз халқын қинамақшы», – деді Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин.

Қазіргі уақытта Украинаның қарулы күштері қоршаудан босаған қалаларды мина мен снарядтардан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта қираған маңызды инфрақұрылымдарды қалпына келтіру үшін Киев билігі 1 миллиард гривень, яғни 32 миллион еуро қаржы бөлуді жоспарлап отыр.

Аяулым Көлжігіт, Рамазан Өмен, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир