|
16.02.2020 | 18:48
7388

Қытайда коронавирус жұқтырғанын жасырған адамдар өлім жазасына кесіледі

Сондай-ақ Қытай соты азаматтардың өз сапарларының бағыт-бағдарын жасыруын қылмыс ретінде қарастыруға мүдделі

Қытайда коронавирус жұқтырғанын жасырған адамдар өлім жазасына кесіледі oko-planet.su

Бұдан былай Қытай үкіметі коронавирусты жұқтырғанын жасыру мен халық арасында ауруды тарату фактілерін ауыр қылмыс ретінде қарастырады. Аталған әрекеттер үшін кінәлі деп танылған адам өлім жазасына кесіледі, деп хабарлайды kaz.nur.kz.

ҚХР билігі барлық науқас азаматтар үшін ел ішінде пойыз, ұшақ және автобуспен жол жүруге тыйым салды. Жөтел және дене қызуы көтерілген барлық адамдар осы санатқа жатқызылады.

Сондай-ақ Қытай соты азаматтардың өз сапарларының бағыт-бағдарын жасыруын қылмыс ретінде қарастыруға мүдделі. Жоғарыда аталған іс-әрекеттер қылмыстық кодекстің қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіру туралы бабына жатқызылады, деп жазды Deutche Welle.

Қытайда бұл қылмыстар үшін 10 жылдан бастап, өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру, ал жекелеген жағдайларда өлім жазасын белгілеу қарастырылады.

Саяхаттан келген барлық қытайлықтар дәрігердің қарауымен немесе өз үйінде екі апта бойы мәжбүрлі түрде бақылаудан өтуі тиіс. Бұл талаптан бас тарту қылмыс ретінде бағаланады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир