|
26.08.2021 | 11:45
5549

Екпеден қорықпаңыздар: 90 жастағы академик Төрегелді Шарманов вакцина алды

Профессор індеттен құтылудың жалғыз жолы вакцина салдыру екенін айтты

Медицина ғылымдарының докторы, профессор Төрегелді Шарманов коронавирус вакцинасын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Профессор індеттен құтылудың жалғыз жолы вакцина салдыру екенін айтты.

«Бүгін әлемді жайлаған бір инфекция бар. Өте қауіпті індет. Ол – коронавирус инфекциясы. Бұдан сақтанудың бір-ақ жолы бар, ол – бетперде тағу, вакцина салдыру. Мен 90-нан асып бара жатырмын. Вакцина салдырдым. Ешқандай қауіп жоқ, ұйқым жақсы. Қауіпті індеттен сақ болу үшін вакцина салдырыңыз. Вакцина салдыру арқылы адам өзін және жақындарының өмірін сақтайды», – деді Төрегелді Шарманов.

Айта кетейік, Төрегелді Шарманов 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. Медицина ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының Президенті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир