|
11.06.2021 | 16:58
8163

Қарагөз Сүлейменова: Вакцина – қатерлі індетті жоюдың жалғыз жолы

Алматыда вакцина алған азаматтардың саны 325 мың адамнан асты

Қарагөз Сүлейменова: Вакцина – қатерлі індетті жоюдың жалғыз жолы Almaty.tv

Алматыда вакцина алған азаматтардың саны 325 мың адамнан асты. Қазақстандық жұлдыздар отандастарын коронавирус вакцинасын алуға шақырды. Олар  өзіңізді және жақындарыңызды өлімге әкелетін аурудан қорғаудың және әдеттегі қалыпты өміріңізге оралудың жалғыз жолы  вакцина екенін айтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова пікірінше, вакцина – қатерлі індетті жоюдың жалғыз жолы.

«Вакцина алуға ұзақ уақыт ойландым. Әлеуметтік желілерден ақпараттар іздедім. Дәрігер-мамандармен кеңестім. Сөйтіп, жұбайым екеуміз бірге барып екпе салдырдық. Осы індеттің арамыздан біраз адамды алып кеткенін білеміз, олардың отбасына ауыр тигенін көз көрді. Оның ішінде өзім де бармын, былтыр әкеміз COVID-19-бен ауырып, өмірден озды. Жүрегіміз ауырып, қара жамылдық. Осындай кездерде қоғамдағы болып жатқан ахуалға бейжай қарап, екпе ектірмеймін дейтін адамдарға жаным ауырады. Ол кісілер індетпен бетпе-бет келмегендіктен, мойындағысы келмейтін шығар, кім білсін. Вакцина – қатерлі індетті жоюдың жалғыз жолы», – деп атап өтті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменова.

Есіңізге сала кетейік, Алматы қаласының  тұрғындары вакцинаны кез келген вакцинация пунктінде ала алады. Қалада олардың саны – 211. Олар емханаларда, сауда орталықтарында, базарларда, мектептерде, мәдени нысандарда орналасқан.  Олар күн сайын, аптасына жеті күн, таңғы 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қазіргі кезде мегаполисте вакцинацияланған азаматтардың саны 325 мың адамнан асты.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир