|
16.06.2021 | 19:50
5224

Елімізде тағы бір КВИ вакцинасы клиникалық сынақтан өтіп жатыр

QazCoVac-P деп аталатын екпені Қордай ауданындағы «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» әзірлеген

Елімізде тағы бір КВИ вакцинасы клиникалық сынақтан өтіп жатыр almaty.tv

Елімізде ковидке қарсы тағы бір жаңа вакцина  клиникалық сынақтан өтіп жатыр.  QazCoVac-P деп аталатын екпені Қордай ауданындағы «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» әзірлеген. Отандық ғалымдар қазір жаңа препараттың I және II фазасын сынауға кіріспек.  Зерттеу жұмыстары сәтті аяқталса отандық вакцинаның екінші түрі  жаппай егуге жіберіледі. Тараздағы Almaty.tv тілшісі алғашқы клиникалық зерттеудің қайда өтетінін көріп келді.  

Жаңа вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу жұмыстары  Тараздағы  қалалық көпбейінді ауруханада жүргізілмек.  Алты айға созылатын сынаққа   244  ерікті  тартылады. Қазір мұнда  волонтерларды  қабылдап, тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Ақысы төленетін  алғашқы сынаққа қатысуға бүгіннің өзінде отызға жуық адам өтінішпен келген. Олардың арасында Тараз тұрғыны Рита Омарова да бар.  

«Осы биылғы басталған вакцинацияның арқасында беті қайтты деп ойлаймын, оған өзіміздің де көптеген дәлелдер бар ғой, сондықтан да екінші түрі осы дегеннен кейін осы жолы өзі еркімізбен келіп салғызуға және үйдеге салғызбаған туған- туысқандарымды салтыруға шақырамын», – деді Тараз қаласының тұрғыны Рита Омарова.

Мамандардың сөзінше, вакцина  өзгелері сияқты тірі патогенді компоненттерден тұрады. Оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық күрделі тазарту кезеңдерінен өткізген.  Айта кетейін, жаңа вакцинаны егу жұмыстары қажетті 44 ерікті жиналған кезде басталмақ. Екпелердің арасы 21 күн. Ал, екінші фазада 200 еріктіге егу жоспарланып отыр.

«Бірінші екінші фазаға 244 еріктіге салуды жоспарлап отырмыз. Біз оларды вакцина салардың алдында скрининг дейді. Бүкіл тексеруден өткізуіміз керек. Өйткені оларда созылмалы аурулар болады. Одан соң диспансерде тұрған-тұрмағандығын тексеріп, одаң соң барып қана вакцинаны қолдануға ұсыныс жасаймыз», – деді Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері  Нұрлан Әбілдаев.

Дәрігерлер екпе қабылдаған еріктілер арнайы базаға енгізіліп, бақылауда болатынын айтады. Ал, оларға вакцинаны қабылдағаны үшін 200 мың теңгеден беріледі.

Мерей Бает, «Алматы»  телеарнасы, Тараз

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир