|
30.06.2021 | 18:09
5927

Алматыда көптеген ұйым ұжым боп вакцина алды

Өткен аптада Алматыда коронавирус дерті 1,7 есе өсті

Алматыда көптеген ұйым ұжым боп вакцина алды

Өткен аптада Алматыда коронавирус дерті 1,7 есе өсті. Бұны «дельта» жаңа штамммен байланыстырады. Ауру жұқтырмаудың жалғыз жолы – вакцина алу. Сондықтан қаладағы көптеген ұйым ұжым боп коронавирус екпесін алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Коронавирус індеті кезінде көптеген қызмет салалары үшін қиын болды, олар онлайн форматта жұмыс істеді. Алматы қаласының мемлекеттік архивінің қызметкерлері локдаундар кезінде кәсіби қызметте қиындық болғанын айтты. Себебі олардың жұмысы қағаз түріндегі құжаттармен байланысты.

Алматы қаласы мемлекеттік мұрағатының құжаттарды ғылыми пайдалану бөлімінің басшысы Ақаева Ғалия Атибайқызы өзі коронавируспен ауырмаған. Бірақ оның достары, таныстары мен туыстарының арасында ауырғандар болғанын айтты.

«Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында олар қазір сау әрі дәрігерлердің еңбектеріне риза», – деді.

Ғ. Ақаева локдаун кезінде бассейнге барудың жетіспейтінін айтты. Өйткені індет басталған сәттен бастап спорт нысандарына баруға рұқсат болмады.

«Мен вакцина алдым. Вакцина алуымның бірнеше себептері бар. Екпе салған соң қоғамдық орындарға барудан қорықпайсың. Алғашқы кезде қорқыныш болды, себебі әлеуметтік желіде вакцина денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін деген хабарлама оқыдым. Оның жалған ақпарат екенін білдім. Мен екпе пунктіне бардым, Алматының әрбір тұрғыны осылай жасауы тиіс деп санаймын», – дейді Ғалия Атибайқызы.

Оның айтуынша, вакцинадан кейінгі кейбір жанама әсер іс жүзінде дененің табиғи реакциясы екенін айтты. Балалар қандай да бір вакцина алған кезде, дәрі әсер етеді, өйткені дене бейімделіп, үйренуі керек.

Ғалия Ақаева вакцина алғаннан кейін де халықты белгілі бір уақыт ішінде санитарлық нормалар мен қашықтықты сақтауға шақырды.

«Вирус өте қауіпті әрі ол тез жойылмайды, бірақ біз оған қарсы күресті күш біріктіріп күшейтуіміз керек», – деді ол.

Ғалия Ақаеваның әріптесі, Байжомартова Бота Тұрарбекқызы Алматы қаласы мемлекеттік мұрағатының есепке алу бөлімінің басшысы, екпеден кейін қандай да бір жағымсыз сезімнің пайда болуы кейде адамдардың өзін-өзі гипноздауымен байланысты деді.

«Егер сіз өзіңізді жаман нәрсеге дайындайтын болсаңыз, онда бұл орын алады. Сондықтан коронавирустық вакцинадан қорықпаңыз, тексерілмеген ақпаратқа сенбеңіз. Вакцина мені індет қаупінен қорғайды әрі денеде жағымсыз реакциялары болмайды. Вакцинаның арқасында кез келген қала тұрғыны вирустың таралуын тоқтатуға көмектеседі», – дейді Бота Тұрарбекқызы.

Алматы қаласы мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері олардың айналасындағы адамдардың жартысынан көбі екпе алғанын айтты. Ғалия Ақаева мен Бота Байжомартова егер болашақта вакциналанған адам саны артатын болса, онда көп ұзамай ешкім қонаққа барудан, спортпен шұғылданудан, демалыс орындарына барудан қорықпай бәрі әдеттегі өмір салтына орала алады деді.

Еске салсақ, биыл 1 ақпаны мен 29 маусым аралығында Алматыда 451 205 адам вакцина алды. Өткен тәулікте 12 275 адам екпе алды.

60 жастан жоғары вакцина алғандар саны 76 660 адамды құрайды.

Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 208 вакцина пункттері жұмыс істейді (250-ге дейін ұлғайту мүмкіндігімен). 1 256 адам жұмылдырылған 307 екпе бригадасы қызмет атқарады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир