|
23.06.2021 | 19:29
4801

Үндістандық «дельта» штаммынан қорғанудың бірден-бір жолы айтылды

Қалада вакцина салдырғандар саны 400 мыңға жуықтады

Соңғы 2 күнде анықталған үндістандық «дельта» штаммынан қорғанудың бірден-бір жолы екпе алу. Қала тұрғындары толығымен 100 пайыз ұжымдық иммунитет қалыптастырған жағдайда ғана қауіпті індеттен құтылуға мүмкіндік бар дейді дәрігерлер, деп хабарлайды Almaty.tv

Рулан Ибрагимов қаладағы таңдаулы мейрамханалардың бірінде даяшы болып қызмет етеді. Мұндай нысандар ауру жұқтыру қаупі жоғары орындар саналады. Себебі, сырттан келіп-кететін қонақтардың саны көп. Сол себепті, ол алғашқылардың бірі болып екпе алған. 22 жасар жігіттің айтуынша, қатаң карантин кезіндегідей жұмыссыз қалғаннан гөрі, вакцина салдырып, қалыпты өмірге оралуды жөн деп санайды.

«Күнделікті қонақтарға қызмет көрсету және сырттан келген бөгде адамдармен қарым-қатынас орнату, бұл менің жұмысым. Сол себепті ең бірінші жақындарым мен өзімнің денсаулығымды ойлап, ресейлік «Спутник-V» вакцинасын салдырдым», – деді даяшы Рулан Ибрагимов.

Қалада вакцина салдырғандар саны 400 мыңға жуықтады. Бұл қала халқының 30 пайызы. Оның ішінде 50 мың адам 60 жастан асқан егде кісілер. Қазір мегополисте 211 вакциналау пункті жұмыс істеп тұр. 304 вакцинация бригадасына 1 257 медицина қызметкері жұмылдырылған.

«Вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін COVID-19-ды жұқтыру қауіпі бар. Сондықтан, вакцина алдым екен деп бетпердені шешіп еркін жүруге болмайды. Барынша сақтанып жүрген жөн», – деді Қалалық №2 емхананың меңгеруші дәрігері Күләш Қадыл.

Қаладағы бұл сауда орынында қалалық №2 емхананың көшпелі бригадасы жұмыс істейді. Дәрігерлердің хабарлауынша бүгінге дейін вакцина келушілердің қарқыны бәсеңдемеген. Орталық сенбі, жексенбі күні де демалыссыз қызмет көрсетеді.

Мамандардың хабарлауынша, қаладағы емханаларда вакцина дозасы жеткілікті. Бірінші компонентін алу үшін 72 328 доза болса, екінші компоненттің 99 473 дозасы бар.

Ұлағат Арғын, Ғани Қалуов «Алматы» телеарнасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир