|
21.06.2021 | 20:01
4616

Ұларбек Қамысбек: Вакцина – өзіміздің және басқалардың қауіпсіздігі

Бүгінде қалада екпе алғандар саны 375 мыңнан асып кеткен

Ұларбек Қамысбек: Вакцина – өзіміздің және басқалардың қауіпсіздігі Almaty.tv

Алматыда халықты жаппай вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде қалада екпе алғандар саны 375 мыңнан асып кеткен. Оның ішінде 300 ден көбі 60-тан асқан. Ал, мегаполисте оқитын шетелдік студенттер де вакцинаның маңызына тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv

«Қазіргі таңда мен вакцинациядан өттім. Қабылдадым. Сосын вакцинация паспортына ие болдым. Қазір мен үміттеніп жүрмін. Ешқандай проблема болмайды. Шекара жақта да. Сырт жаққа шыққанда да кіргенде де. Осыған үміттеніп тұрмын», – деді Нұр-мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің студенті Бабурхужан Турахужаев (Өзбекстан).

Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және сауда орталықтарында 211 вакцина егу пункті жұмыс істейді. 304 вакцинация бригадасында 1 257 медицина қызметкері жұмылдырылды. Қалада бірінші компоненттің 74 210  дозасы және екінші компоненттің 105 880 дозасы бар

«Вакцина – денсаулығымыздың қауіпсіздігі. Өзіміздің және басқалардың қауіпсіздігі. Біз қаншама көптеген адамдардың ортасында жүреміз. Біріншіден, өзіміз ауырып қалмау үшін. Отбасымыз үшін. Басқаларды ауыртпау үшін вакцинаны алдық. Екі кезеңнен де, барлығынан жақсы өттік», – деді Нұр-мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Ұларбек Қамысбек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир