|
20.10.2020 | 16:06

Алматыда Абайдың 175 жылдығына орай 175 қарағай ағашы отырғызылды

Әскери курсанттар Абайдың өлеңдерін оқып, ұлы тұлғаның рухына тағзым етті

Алматыда Абайдың 175 жылдығына орай 175 қарағай ағашы отырғызылды

Алматыда Абайдың 175 жылдығына орай 175 қарағай ағашы отырғызылды. Игі бастамаға қала әкімдігі, Жасыл экономика басқармасы, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара академиясы және қазақ саңыраулар қоғамы мұрындық болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Одан бөлек, қарапайым тұрғындар да отбасыларымен келіп, өз ағашын екті. Ал шара барысында әскери курсанттар Абайдың өлеңдерін оқып, ұлы тұлғаның рухына тағзым етті. Бірлескен жоба қарағай орманын құрып, шаһардағы жасыл желек санын арттыруға бағытталған.

«Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында біз 175 қарағай отырғыздық. Жазық алаңды қарағай орманына айналдырғымыз келеді. Абайдың өзі табиғатты аялау керектігін көп жазған ғой. Сол  үшін де табиғат жанашырлары бірігіп, осындай жұмыстар жүргізіп жатырмыз», – деді «KAZ ECO PATRUL» ҚБ төрағасы Тимур Елеусізов.

Bólisý

‡агрузка...

Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!