|
24.09.2020 | 21:20

Абай 175 жыл: Литва астанасы Вильнюсте «Абай жинағы» оқу залы ашылды

Рәсімге қатысушылар бұл залды тек Литвада ғана емес, бүкіл Балтық өңіріндегі қазақ мәдениетінің «тартылыс орталығы» деп атады

Абай 175 жыл: Литва астанасы Вильнюсте «Абай жинағы» оқу залы ашылды almaty.tv

Абайдың 175 жылдығын жаһан жұрты атап өтуде. Литва астанасы Вильнюс қаласында ұлы ойшылдың атындағы «Абай жинағы» оқу залы ашылды. Бұл туралы Қазақстанның Литвадағы елшілігінің өкілдері мәлімдеді. Салтанатты шараға аталған елдің парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, академиктер мен қоғам қайраткерлері қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиында Қазақстан дипломаты Виктор Темірбаев жиынға келген жұртты құттықтап, Еуропаның әйгілі ақыны, Адам Мицкевичтің құрметіне аталған кітапханада, Абай атындағы оқу залының ашылуының маңыздылығына тоқталды.

«Осы күні Абайдың 175 жылдығы кең ауқымда тойланып жатыр. Абай Құнанбайұлы әйгілі Вильнюс тұрғындарының шығармаларын ана тіліне аударған алғашқы шығыс ақыны болды. Абай қазақ халқына Шиллер, Гете, Пушкин және Байронның еңбектерін алғашқылардың бірі болып таныстырғанын атап өту керек», – деді Литвадағы Қазақстан республикасының елшісі Виктор Темірбаев.

Рәсімге қатысушылар бұл залды тек Литвада ғана емес, бүкіл Балтық өңіріндегі қазақ мәдениетінің «тартылыс орталығы» деп атады.  Өйткені Абайдың оқу залын ашуға дайындық барысында, Вильнюс кітапханасы мен Қазақстандағы ең көне кітапхана – Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Алдағы уақытта Литва тілінде жарық көрген Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романының тұсаукесері өтпек. Іс-шара аясында, Литвадағы ең үздік опера әншілерінің бірі Раймонда Янутенайте Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» және «Айттым сәлем, Қаламқас» сияқты танымал әндерін шебер орындады.

Bólisý

‡агрузка...

Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!