|
20.12.2016 | 09:28
1715

2017 жылы зейнетақы мен бала тууға байланысты жәрдемақы 20 %-ға өседі

2017 жылдан бастап елімізде зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы 20 пайызға көбейеді. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік жиында айтты. Елбасы өткен ширек ғасырға қорытынды жасап, Қазақстаннның болашақ бағдарын баяндады. Жоспар бойынша, 2050 жылға дейін Қазақстанда шағын және орта бизнес ішкі жалпы өнімнің 50 пайызын құрайды. Қазақстандықтардың саны 50 млн-ға жетіп, оның 70 пайызы қала тұрғындары болады. 25 жыл бұрын 16 желтоқсанда Тәуелсіздігімізді  жария етіп, төрткүл дүниеге паш еттік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жетістіктеріміздің барлығын санамалап, бастан өткен қиын-қыстау күндерді де еске алды.

«Ана  тілімізді түлетіп, ата дінімізді оралтқан айшықты елміз. Тағылымы тағдырды түгендеген жоралы жұртпыз. Барша қазақтардың басын іріктірген ұлтпыз. Біз даламыз бен қаламызды көркейткен қуатты халықпыз», - деді  Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

ХХ ғасырдың басында халықтың өмір сұру ұзақтығы 32 жас болса, қазір 72 жасқа жетті. Ал, 2050 жылы бұл көрсеткіш  - 82-ні құрамақ. Әлеуметтік шығын 26 млн-нан  4 трлн теңгеге дейін артты.  Келер жылы  жағымды  жаңалықтарға толы болмақ. Зейнетақы мен бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы 20 пайызға көбейеді. Тәуелсіздік жылдары ел экономикасы 20 есеге артып, тартылған тікелей инвестиция көлемі 265 млрд долларға жетті.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир