|
27.09.2017 | 18:43
1503

Алматыда қытай тілінде сабақ беретін бөбекжай ашылды

Алматыда қытай тілінде де сабақ беретін бөбекжай ашылды. Жас кәсіпкер 20 млн теңге бөліп, 70 орынға шақталған балабақша ашқан. Онда қазақ, орыс және ағылшын тілдері де қатар оқытылады. Мекеме "туған жер" бағдарламасы бойынша қолданысқа берілген.

Жаңа балабақша 70 бүлдіршінге арналған. Балалар «Балапан» бағдарламасы бойынша тәлім алады. Яғни, ата-аналар айына 65 мыңның жартысын ғана төлейді. Қалғаны үкімет есебінен қаржыландырылады. Мектепке дейінгі мекеменің ашылуымен 15 маман жұмысқа орналасты. Балабақшаның құрылысына жас кәсіпкер 20 миллион теңге бөлген.

¤«Біздің ойымызда Алматыда бірнеше балабақша ашу жоспары бар. Бағасыда қол жетімді болады. Балапан бағдарламасы арқылы жұмыс істейміз», - деді кәсіпкер Бақтияр АХМЕТБЕКОВ.

 ¤Медеу ауданында 18 мемлекеттік, 52 жеке балабақшада 7 мыңға жуық бүлдіршін тәлім алып жатыр. Балабақшаларда орындардың жетіспеушілігі әлі де бар. Осы күні кезекте 2 мыңнан аса бала кезекте тұр. Алайда, бұл мәселе ептеп шешіліп келеді. Биылдың өзінде 7 жеке мектепке дейінгі мекеме ашылыпты. ¤

«Балабақшадан басталады ғой барлығы да. Тарыдай болып кіріп, таудан болып шықсын. Үлкен азамат болсын. Ер жетсін. Біздің отанымыздың нағыз азаматы мен азаматшасы болсын», - деді қала тұрғыны Нұржамал АБИЛОВА.

¤Балабақша тәрбиеленушілері ата-аналарға және шақырылған қонақтарға, аудан басшылығы мен еңбек ардагерлеріне шағын концерт ұйымдастырды. Сонымен қатар, осы салада 50 жылдық еңбек өтілі бар мұғалім, Аягул Миразова семинар өткізді. Онда рухани жаңару және мектепке дейінгі дайындықтың ерекшеліктері талқыланды.


«Бүлдіршіндердің қадамына нұр бітсін деймін. Еліміздің үлкен азаматтары болып шығатын болсын. Ата-аналарына да және тәрбиешілеріне де тілейтінім еңбектері жансын», - деді¤ Қазақстанның еңбек ері Аягүл МИРАЗОВА.

Жыл соңына дейін Медеу ауданында 12 жеке меншік балабақша ашылады. Осылайша 500-ге тарта бүлдіршін мектепке дейін тәлім ала алады.

Өмір Әнуарбек, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы  


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров
Прямой эфир