|
17.01.2017 | 10:50
1617

Алматыдағы қоғамдық көліктер Универсиада кезінде жолаушыларды тасымалдауға дайын

Ақау жойылды. Алматыдағы қоғамдық көліктер Универсиада кезінде жолаушыларды еш кедергісіз тасымалдауға дайын. Қазір автобустар күн-сайын техникалық тексерістен өтіп, олардың кем-кетігі түзелуде. Көліктерге жаңа дөңгелектер салынып, қозғалтқыштары ауыстырылып жатыр. Автобус іштері жаңарып, орындықтары боялған. Олардың дені дүбірлі дода кезінде туристер мен тұрғындарды спорттық нысандарға жеткізеді.                                                               

«Қазір бізде ұзын-ырғазы 249 автобус бар. Олардың барлығы жолаушыларды тасымалдап жүр. Қоғамдық көліктерді тұрақты түрде тексеріп тұрамыз. Одан бөлек, қазір біздің мамандар 33 автобустың қаңқасын құрастырған. Ал, ертең іргедегі Қытайдан оның бөлшектері жеткізіледі. Оларды сатып алу үшін 575 млрд теңге жұмсалды. Сөйтіп, білікті мамандармен бірлесіп, қосымша автобустарды қолданысқа береміз»,- деді №2 коммуналды автобус паркінің директоры, Асхат ӘБІШОВ.


Байрақты бәсеке қарсаңында қала көркіне нұқсан келтіретін орындар да бұзылып жатыр. Айталық, шаһардағы қос темір жол вокзалы маңындағы заңсыз дүңгіршектер сүріліп біткен. Олар тазалық талаптарына сай келмепті. Оның үстіне, рұқсатсыз салынған екен. Ал, әуежайда жаңадан пос-терминалдар орнатылып, сөредегі өнім атаулары 3 тілде жазылатын болған. Жүк таситын арбалардың саны да артты. Ол - шеттен келетін меймандардың жайлылығы үшін жасалуда. 

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир