|
07.06.2018 | 17:05
1000

Дабылды ескерту: Қазақстанның бірнеше облысында дауыл тұрады

"Қазгидромет" РМК бірқатар өңірде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

8 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, түнде және күндіз жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Кейбір аудандарда найзағай ойнайды, дауыл, шаңды дауыл тұрып, бұршақ түсуі мүмкін.

Астанада ертең күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін күшейеді.  

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысында 8-9 маусымда найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады; 9 маусымда шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ түсуі мүмкін, түнде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді деп болжануда.  

Оңтүстік Қазақстан облысында ертең найзағай ойнап, дауыл тұрады. Желдің екпіні күндіз 25 м/с, сонымен қоса шаңды дауыл көтеріледі.

Ал Шымкентте күн күркіреп, жел күшейеді.

Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, 9 маусымда Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының өзендерінде және 10 маусымда Алматы облысының таулы аудандарында нөсер жауынға байланысты су тасуы мүмкін.



Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp

В СТАТЬЕ

жел дабыл
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир