|
22.06.2018 | 20:01
1763

Демалыс күндері өтетін мәдени шаралар

Алматыда Грузиялық театр ұжымы бұрын соңды болмаған спектакьлдерді сахналамақ. Алдағы демалыс күндері қала қонақтары мен тұрғындары қандай мәдени шараға куә болады.

Шота Руставели атындағы Грузия мемлекеттік театры Алматыға гастрольдік сапармен тұңғыш рет келіп отыр. Алыстан ат терлетіп жеткен өнер ұжымы алматылықтарға  «Заңдастырылған құқық бұзушылық» қойылымын ұсынбақ. Спектакльде жаһандық дағдарыс, мұнайды іздеу және елдер арасындағы шиеленіс көрсетіледі. Гастрольдік сапар Астананың 20 жылдығына және қазіргі заманның көрнекті режиссері Роберт Стуруаның 80 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Спектакльдер екі күн бойы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық театрының сахнасында қойылады.

«Біз бұл қойылымды талай қойғанбыз. Осы спектакльмен театр маусымын жаптық. Ол көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие. Оның соңы күтпеген тосынсыймен аяқталады. «Заңдастырылған құқық бұзушылық» екі актілі көңілді әфсана қойылымы. Спектакльдің композиторы Гия Канчели»,-деді Шота Руставели атындағы Грузия мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Роберт СТУРУА.

Демалыс күндері отандық және ресейлік театр қала қонақтары мен тұрғындарына арнап «Байқоңыр» спектаклін қоймақ. Қойылымда ерекше кейіпкерлер мен гимнастшылардың түрлі трюктарын көруге болады. Мұндай көрініс қалада бұрын-соңды көрсетілмеген. Қос экпериментальді театрдың өнерін жастарға арналған лофт-орталығы аумағында 23 және 24 маусымда тамашалай аласыздар.

«Спектакльде тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин, суретші Сергей Калмыков, ертегі кейіпкері жалмауыз кемпірді де көруге болады. Олардың әрқайсысы көрерменге бір нөмір көрсетеді. Қойылымда күлкілі сәттер де, күтпеген тосынсыйлар да бар»,-деді «Артишок» театрының басқарушы директоры Анастасия ТАРАСОВА.

Алматы музейінде суретші Жұмат Әнесұлының «Алматы және оның аңыз адамдары» атты жеке көрмесі ашылды. Көрмеге қылқалам шеберінің пейзаж, портрет, натюрморт, кескіндеме жанрларында салынған 50-ден астам туындысы қойылған. Көпшілік назарына ұсынылған жұмыстарда алып шаһардың көрікті жерлері мен өмірлері Алатау баурайындағы әсем қаламен біте қайнасқан тұлғалардың бейнесін көруге болады. Аталған шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдасытырлып отыр.

«Алматының әсем жақтарын көрсетуде, басқа суретшілерден гөрі, ерекше бір көзқараспен келген сияқтымын. Соның ішінде мына ескі алаңның бульвары, Ботаникалық бақтың көрінісі, тұңғыш Президент саябағының кіре берісі деген сияқты әдемі пейзаждар сол Алматыны сүйгендіктен болуы керек. Алматыны жақсы көргеннен болуы керек сол бір жақсы деңгейде жұрттың назарына түсті және жақсы бағасын алды»,-деді суретші, жазушы Жұмат ӘНЕСҰЛЫ.

23 маусымда «Қазақконцерт» залында Болат Тыныбеков өз концертін қояды. Түрлі музыкалық аспапта ойнайтын оркестр әлемдік хит әндерді орындайды.

Перизат Көмекбайқызы, «Алматы» телеарнасы.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир