|
22.05.2017 | 15:59
1028

Экстремизм және терроризмге қарсы қазынадан бөлінген қаржы талан-таражға түскен

Экстремизм және терроризмге қарсы қазынадан бөлінген қаржы Ақмола, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында талан-таражға түскен. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір теріс діни ағымдармен күресу үшін бір облыстың өзіне жергілікті бюджеттен 53 миллиард теңге бөлінеді. Мәселен, 2015 жылы Сирияға кеткен отбасы туралы бейнероликке, «Ақ жол» спектаклі мен «Дінді сақта» шарасын ұйымдастыруға қаражат берілген. Алайда, төленіп қойған қызмет, сол күйі іске аспаған. Мұндай фактілер экстремизмге қарсы мемлекеттік бағдарламаның сапасын тексеру барысында анықталыпты. Сондай-ақ, бас прокурордың орынбасарының сөзінше, экстремизм мен терроризммен күресті діни сауаты жоқ адамдар жүргізген көрінеді. 

Подписывайтесь на наш Telegram, там самая оперативная информация. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир