|
22.01.2018 | 16:58
1213

Елімізде автокөлік нөмірлерінің құны белгілі болды

Елімізде автокөлік нөмірлерінің құны белгілі болды. Бұдан былай, жүргізушілер көлік басқаруға рұқсат беретін куәлікті алу үшін - 3 мың теңге көлемінде ақы төлейді. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке ие болу үшін де осындай қаражат қажет. Ал, нөл санынан басталып, нөл санымен аяқталатын нөмірлердің құны 140 мың теңгеге жуықтайды. Одан бөлек, 100,111 немесе 222 сандарымен белгіленген мемлекеттік тіркеу нөмірінің бағасы - 470 мың теңгеден асады. Бұлар - қымбат әрі жылдам жатталатын нөмірлердің қатарында. Оған бай-бағландардың тарапынан сұраныс жоғары. Ал, 001, 002 сынды нөмірлерді көлігіңізге таққыңыз келсе, онда 685 мың теңгеге шығындалуыңызға тура келеді.     

  

Подписывайтесь на наш Telegram, там самая оперативная информация. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

Прямой эфир