|
26.04.2018 | 10:55
1820

Қатерлі дертке шалдыққан алматылық бүлдіршінге шұғыл көмек қажет

11 жасар Тұмар Мырзағалиге шұғыл түрде көмек керек. Алматының тұрғынына осыдан 3 апта бұрын дәрігерлер ауыр сырқат - лейкоз, яғни қатерлі ісік деген диагноз қойған. Бастапқыда ол буындарының сырқырап ауырғанын айтып, шағымданып жүріпті. Қазір денсаулығы сыр берген Тұмар анасымен Оңтүстік Кореядағы ауруханалардың бірінде жатыр. Алғашқы химиотерапияларын алған оның беті бері қарап келеді. Бірақ емді жалғастырып, жұлынға ота жасату үшін Найзабековтар отбасына 365 мың АҚШ доллары қажет. Қазір баланың әкесі мен жақындары бағалы мүліктерін сатуға қойған. Алайда, одан түскен қаражаттың өзі Тұмарды сауықтыруға жетпей тұр, дейді әкесі.

«Дәрігерлердің сұраған ақшасы ол баланың алатын химиотерапиясының санына байланысты болып тұр. Осы уақытқа дейін жинаған барымызбен, қайырымды жандардың көмегімен емдетіп жатырмыз. Дегенмен, алда бізге қомақты қаражат керек. Қазір екінші химиотерапияға ғана ақша жетеді. Сондықтан барлық қолы ашық жандардан біздің ұлымызға көмектесулеріңізді сұраймын», - деді Рамазан НАЙЗАБЕКОВ.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир