|
24.05.2018 | 09:45
1362

Мәжіліс екі миллион адамның жалақысын көбейтетін заң жобасын мақұлдады

Елімізде аудан әкімі немесе маслихат депутаты болу қиындамақ. Енді бұл лауазымға сайлау арқылы ғана тағайындалуы мүмкін. Мәжілісте өткен жалпы отырыста Марат Бекетаев халық қалаулыларына осындай ұсыныс тастады. Министр бұл қадам қоғамда саяси партиялардың рөлін арттырып, жауапкершілігін күшейтеді деген пікірде.

Нұрлан Нығматулин бастаған топ бір емес, бірнеше заң жобасын қарастырып, біразын бірінші оқылымда мақұлдады. Алғашқысы «Қазақстан-Қырғыз арасындағы шекараны шегендеу мәселесіне » қатысты. Екінші сауал тәуекелдік қаржыландыру саласын қамтыды. Жеңіс Қасымбек венчурлік қорлардың БАҚ арқылы жарнама жасауына тыйым салуды ұсынды. Бұл өз кезегінде халықты сенімсіз қаржылық жобалардан оқшаулап, жаңа пирамидалардың пайда болуына  шектеу қояды.

«Жауапкершілік міндетті түрде қарастырылады. Өйткені, оның қаупі жоғары. Әрі, мұндай венчурлық қорларға шетелдік инвесторлар қаржы құяды. Көбіне инновациялық жобаларға қолдау көрсетеді. Оның ішінде тек біреуі ғана іске асуы мүмкін. Қаржы пирамидасы болмасын деген ниетпен жарнамаға тыйым салуды көздеп отырмыз», - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.

Депутаттардың қызығушылығын тудырған келесі мәселе аудандық әкімдерді тағайындау болды. Толыққанды сайлау жүйесін қозғаған Әділет министрі Марат Бекетаев маслихат депутаттары мен әкімдерді таңдауды саяси партиялар құзырына берген дұрыс - дейді. Бұл партияның қоғамдық өмірдегі рөлін арттырып, жауапкершілікті күшейтеді. Әрі, жаңа лауазымға лайық адам партияның өкілі болуы міндет емес. Лауазымды тұлғаның қызметін жалғастыру болмаса, тоқтату шешімін де саяси ұйым қабылдайды. Бұл заңға біраз депутат қолдау көрсетті.

«Бұл бірінші кезекте партиялардың рөлін кеңейту мен дамытуға бағытталған.Ауыл деңгейіндегі әкімдер үшін оны ұсынған партия жауапты болады. Осылайша, әкімнің жұмысы бір адамның, бүкіл саяси партияның жауапкершілігі болады», - деді ҚР Әділет министрі Марат БЕКЕТАЕВ.

18 жастан жоғары І топтағы мүгедек жандарға күтім жасап отырған адамдарға жәрдемақы төлеу мәселесі мақұлданды. Оның көлемі биылдан бастап 29 699 теңгені құрамақ. Елімізде аталмыш жәрдемақыны 14 мыңға жуық отбасы алады екен. Ал «Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы» аясында табысы 25 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын жұмыскерлерге табыс салығын жеңілдету заңын халық қалаулылары бір ауыздан қолдады.

«Бүгін біз әлеуметтік маңызы бар тағы бір заң жобасын мақұлдадық. Ең бастысы бұл құжат тікелей Елбасының бес  бастамасында айтылған екінші бастаманы жүзеге асыруға бағытталып отыр. Осы өзгерістер, әрине, жалақысы төмен азаматтарымыздың табысын көбейтуге зор ықпал ететіні сөзсіз», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы Нұрлан НЫҒМАТУЛИН.


Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир