|
04.12.2017 | 18:49

Түркияда төрт көшеге Назарбаевтың аты берілген​

Түркияда төрт көшеге Назарбаевтың аты берілген​

Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көше елімізде алғаш рет пайда болса да, әлемнің өзге мемлекеттерінде елбасының құрметіне атауы берілген көшелер жеткілікті. Мысалы, Түркияның өзінде Қазақстан Президентінің атындағы төрт көше бар. Ал Иордания астанасы Амманда 2010 жылы салтанатты түрде қазақ президентінің аты жазылған көше пайда болған еді. Сондай-ақ Ресейдің Татарстан, Шешен және Ингушетия  Республикаларында да Нұрсұлтан Назарбаев көшелері бар. Алматының орталық даңғылдарының бірі мемлекет басшысының атына берілуіне байланысты халық қалаулары мен қоғам қайраткерлері өз пікірлерін білдірді.

«Елімнің азаматы ретінде, елімді сүйетін адам ретінде, Тәуелсіздігіміздің 25 жыл бойындағы жетістіктерімізге қуанатын адам ретінде бұл шешімді дұрыс деп есептеймін және біздің көшбасшы еліміздің бейбіт әрі тыныштықта өмір сүріп жатқаны үшін осындай жоғары құрметке лайық. Сонымен қатар, Президентіміз ірі масштабтағы адам екенін білеміз, ядролық қарусыздану және халықаралық терроризммен күрес бойынша қандай ірі бастамалары бар екенін білеміз. Сондықтан осының бәрін әржақты саралай келе, әділ бағасын берсек,  Мемлекет басшысы жоғары құрметке лайық. Ол тарихтың адамы», - деді ҚР Парламенті сенатының депутаты Дариға НАЗАРБАЕВА.

«Жалпы осындай шешім қабылданып жатыр. Мен ол шешімді қолдаймын. Енді өздеріңіз білесіздер  Қазақстанның барлық жетістіктері, экономикада саласындағы әлеуметтік саладағы, саясаттағы, сыртқы саясаттағы олардың барлығы елбасымен тікелей байланысты. Елбасының бағдарламаларының саясатының арқасында жүзеге асып жатқаны белгілі», - деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен ӘШІМБАЕВ.

«Ұлы халықтың ұлылық көрсетуі деп мен түсінемін. Бағалай білгені елбасымыздың еңбегін. Ол кісінің ұстанып отырған саясатын, халқына сіңіріп отырған еңбегін бағалау - бұл халықтың қарызы деп мен ойлаймын. Міне сол парыздың бірі өтелген күннің бірі. Жалпы өзінді өзін бағаламасан өзгені бағалай алмайсын, дейді. Бұл біздің халықтың өзін-өзі бағлай алғандығының бір көрінісі деп білемін», - деді Қазақстан Республикасының еңбек ері Аягүл МИРАЗОВА.


«Бұл кісінің еңбегі ұлан-ғайыр. Меніңше, бұл құрмет елбасына ғана емес, бұл елімізге тәуелсіздікке көрсетілген құрмет деп есептеймін», - деді Алматы қалалық мәслихат депутаты Қали СӘРСЕНБАЙ.


Bólisý

‡агрузка...

Прямой эфир
Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!