Мұндай сұхбаттар бізге қажет – опера әншісі

18.02.2022 в 11:19

Опера әншісі Азамат Жылтыркөзов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық арна тілшісіне берген сұхбатында көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап бергенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Барша қазақ елі Мемлекет басшысының сұхбатын тыңдады деп ойлаймын. Бұл қазақстандықтар үшін өте пайдалы және қажетті диалог болды деп есептеймін. Президент негізгі проблемаларды, соның ішінде қаңтардағы оқиғаларды қозғады. Қазір тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері туралы ақпарат аз. Бірақ Президент бұл істі жақын арада шешіп, барлығы халыққа ашық жарияланатынына уәде берді. Менің ойымша, бұл халық үшін өте қажетті және дұрыс сұхбат, онда көп нәрсе түсіндірілді. Мен Қасым-Жомарт Кемелұлының қазір жасап жатқан ісін толық қолдаймын. Мемлекет басшысы наурыз айында Қазақстан халқына Үндеу жариялайтынын, онда Жаңа Қазақстанды одан әрі қалай құратынымыз туралы нақты нұсқаулар берілетінін мәлімдеді. Көпшілік тарапынан қолдау табатын мұндай сұхбаттар бізге қажет екеніне сенімдімін», - деді Азамат Жылтыркөзов.