|
29.04.2022 | 12:15
4831

Президент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынды

Тоқаев өз сөзінде Жаңа Қазақстан дегеніміз – бұл Әділетті Қазақстан екенін айтты

Президент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді ұсынды Акорда

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Осы реформалар қолға алынған кезде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын Парламент қарайды деп ойлаған едік. Бұл – қолданыстағы заңнамада орныққан рәсімнің бірі. Алайда, алдағы ауқымды әрі маңызды өзгерістер ел болашағына айрықша әсер етеді. Сондықтан, мен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынамын», – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Жаңа Қазақстан дегеніміз – бұл Әділетті Қазақстан.

«Мен бұған дейін айтқанымдай, Жаңа Қазақстан дегеніміз – бұл Әділетті Қазақстан», – деді ол.


Бұдан бөлек Мемлекет басшысы этномедиация жөніндегі оқу орталығын құруды тапсырды. Сондай-ақ, Президент Ассамблеяға Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен байланысты нығайтуды ұсынды.

«Этномедиация жөніндегі оқу орталығын құрып, тұрақты оқу курстарын ұйымдастыру керек. Аудандық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің көпшілігі сол жерде дайындықтан өтуі тиіс. Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрліктеріне Мемлекеттік басқару академиясымен, Ассамблея хатшылығымен және басқа да уәкілетті органдармен бірлесіп, аталған мәселе бойынша жүйелі ұсыныстар беруді тапсырамын. Ассамблея дайындаған медиаторлар қоғамдағы күш зорлық-зомбылықты азайтуға, отбасылық қарым-қатынастағы құқық бұзуға қарсы тұруға елеулі үлес қосатынына сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир