|
11.01.2022 | 17:45
4624

Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы жарияланды

Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы жарияланды  Берік Уәли

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы 

2022 жылғы 11 қаңтар 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 

Тағайындалсын: 

Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орын; 

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары; 

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі; 

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі; 

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы; 

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі; 

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі; 

Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі; 

Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі; 

Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі; 

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі; 

Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі; Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; 

Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі; 

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі; 

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі; 

Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі; 

Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі; 

Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі; 

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі; 

Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі. 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 қаңтар 

№ 756


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир