|
04.05.2024 | 09:35
1139

Алмалы ауданында мансап күні өтті

Іс-шараға 70-тен астам жетекші компания мен 2 мыңнан астам жас қатысты

Алмалы ауданында мансап күні өтті қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының Алмалы ауданында жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектерін, сондай-ақ қаланың жұмыссыз жастарын жұмысқа орналастыруға бағытталған Almaly Career Day мансап күні өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға Алмалы ауданы әкімі Шамшин Арман Нұржанұлы және Жастар саясаты басқармасының басшысы Мендіғалиев Қайыржан Ермекұлы қатысты.

– Бүгінде ауданда 14 пен 35 жас аралығындағы 83 мыңнан астам (83 407) жас тұрады, оның ішінде NEET жастарының үлесі 4,7 мың (5,6%) құрайды. Жастарды жұмыспен қамту – олардың еңбек нарығына табысты интеграциялануын және өңірдің әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету жолындағы маңызды тақырып. Мұндай іс-шараларды өткізу - жастарды қолдау және NEET санатындағы жастарды азайтудағы маңызды қадам, деді Алмалы ауданының әкімі Арман Шамшин.

Іс-шараға IT, қаржы, білім беру сынды әртүрлі саладағы 70-тен астам жетекші компания мен 2 мыңнан астам жас қатысты. Қатысушылар арасында бос жұмыс орындарын ұсынуға дайын ірі корпорациялар да, перспективалы стартаптар да болды. 

– Жастарды жұмыспен қамту үшін қалалық «Мансап» орталығы ашылып, қажетті мамандықтар бойынша қысқамерзімді курстар басталды. Jas Almaty мобильді қосымшасы іске қосылды. Сонымен қатар қаламыздың әр ауданында 8 комьюнити-орталық ашылды. Әр орталықта жұмысқа орналастыру бойынша консультанттар көмек көрсетеді. Дәл осындай мансап күндері әр ауданда өткізу жоспарлануда. Келесі Мансап күні 10 мамырда Медеу ауданында өтеді, деді Жастар саясаты басқармасының басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.

Дәл осындай бастама Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде де өтті. Іс-шараға жұмыс беруші 135 мекеме қатысты. Оның ішінде орта білім беру, жеке білім беру ұйымдары мен өндірістік жеке компаниялар бар.

– Бос орындар жәрмеңкесі жылда  өтеді. Себебі бұл – жұмыс берушілер мен түлектер арасындағы дәнекер, – деді  Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков.

Айта кетейік, Мансап күндері - үздік компаниялар бос жұмыс орындары мен дарынды мамандар үшін мүмкіндік ұсынатын алаң. Айдың соңына дейін осындай бос орындар жәрмеңкесі қаламыздың барлық ауданында өтеді.

Оқи отырыңыз: Көлігін өтірік техникалық тексеруден өткізгендерге айыппұл мөлшері өседі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир