|
10.05.2024 | 14:39
1127

Алматыда Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған көрме ашылды

Көрме 13 мамырға дейін жалғасады

Алматыда Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына арналған көрме ашылды Флматы әкімдігі / Пресс-служба акимата Алматы

Алматы музейінде жеңіс туын тіккен халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерліктің өшпес даңқы» атты көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экспонаттар Қазақстан Республикасының Қарулы күштер әскери-тарихи музейі мен Алматы музейі қорларынан алынған. Онда Ұлы Отан соғысы батырларының фотосуреттері, құжаттары мен марапаттары, соғыс кезіндегі қару-жарақтар бар.

Сондай-ақ Кеңес Одағының батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов және 1945 жылы Жеңіс шеруіне қатысқан, Қазақ КСР Ішкі істер министрі — Андрей Георгиевич Платаевтың әскери киімдері мен медальдары да көрме экспозициясына қойылды.

– Көрмеде батырлардың соғыс жылдарындағы атқарған еңбегі, Иван Бабинге арналған мақалалардан тұратын 300-ге жуық материал және шетелдегі кітаптарды қамтыдық. Сонымен бірге неміс, ағылшын тіліндерінде жарияланған қазақстандық батырларға арналған ескерткіштер көрсетілген альбомдар қойылды, – деді ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері Әйгерім Байсымақова.  

– Ерлікпен қаза болған жауынгерлерді еске алу, олардың рухына тағзым ету – парыз. Өйткені сол батырлардың арқасында бақытты ғұмыр кешіп жатырмыз, – деді  Р. Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева.

Көрме 13 мамырға дейін жалғасады.

Оқи отырыңыз: Алматыда үй жануарларын тегін піштіру және зарарсыздандыру бағдарламасы басталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир