Алматылықтарға пиротехниканы қолдану ережелері түсіндірілді

Шаралар барысында тұрғындар арасында пиротехниканы дұрыс қолдану туралы 2000-нан астам жадынама, брошюралар мен ескертпелер таратылды

Жаңа жылдық мерекелерді өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция департаментімен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды рұқсатсыз сату орындарын анықтау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласында жыл сайын жаңа жыл мерекелерінде 10-нан 15-ке дейін өрт болады (жылжымалы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан 05 қаңтарына дейінгі аралықта), ал өрттің жалпы санының 30 пайызы пиротехникалық бұйымдарды қолдану салдарынан орын алады. Соңғы 5 жылда болған 76 өрттің 16-сы пиротехниканы қолданудан болды.

Анықтама үшін:

2015 жылғы болған өрттердің саны — 21 (8);

2016 жылғы болған өрттердің саны — 10 (3);

2017 жылы — 14 өрт болды (пиротехника бойынша – өрт тіркелмеді).

2018 жылы — 13 өрт болды (пиротехника бойынша – өрт тіркелмеді).

2019 жылы — 5 өрт болды (пиротехника бойынша – өрт тіркелмеді).

2020 жылы — 13 өрт болды (оның 5-уі пиротехникадан).

Пиротехникалық өнімдерді дұрыс қолданбау салдарынан тұрғындар арасында жарақат алғандар бар.

Жаңа жыл мерекелері кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданумен бұйымдар айналымының белгіленген ережелерін сақтауын бақылау бойынша Полиция департаментімен бірлесіп, пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату орындарын анықтау үшін 2020 жылғы 15 желтоқсаннан 2021 жылғы 7 қаңтарға дейінгі аралықта бірлескен шаралар өткізу Жоспары жасалып, бекітілді. Аталған Жоспарды іске асыру шеңберінде 40 шара өткізіліп, полиция қызметкерлері 826 кг сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді тәркіледі. Шаралар барысында тұрғындар арасында пиротехниканы дұрыс қолдану туралы 2000-нан астам жадынама, брошюралар мен ескертпелер таратылды.

Полиция қызметкерлерімен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196 бабының 1-бөлімі бойынша 8 әкімшілік хаттама толтырылды. (Тауарлармен немесе өзге заттармен заңсыз сауда жасау. ҚР заңнамасында тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге заттармен сауда жасау — 25 айлық есептік көрсеткіш бойынша айыппұл салуға әкеп соғады).

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Алматы қаласының тұрғындарына пиротехникалық өнімдерді қолдану кезіндегі сақтық шаралары туралы айтып өтемін:

- пиротехникалық өнімдерді сатып алғанда, орамның тұтастығына және оның жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз;

-14 жасқа дейінгі балаларға пиротехниканы өз бетімен қолдануға жол бермеңіз;

- пиротехниканы қолдану кезінде өнімді өзіңізден алыстау ұстаңыз;

- қауіпті аймақ радиусында (50 метр), (ағаш шоқтары, сызықтар, отшашулар бағытын өзгерте алатын электр желілері) пиротехниканы ұшыруға ешқандай кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз;

- өнімді қатты желде қолданбаңыз;

- пиротехникалық өнім жарамсыз болған жағдайда, екінші қайтара іске қоспаңыз;

- ракета мен отшашуды адамдарға қарай бағыттамаңыз және аяқтарының астына лақтырмаңыз;

Шыршалар мен олардың әшекейлерін орнату кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында төмендегі ережелерді ескеру қажет:

- ағаштар орнықты негізге орнатылып, үй-жайдан шығуға тосқауыл болмауы керек;

- шыршаның бұтақтары қабырға мен төбеден кем дегенде 1 метр қашықтықта орналасуы қажет;

- трансформаторсыз электр желісін пайдаланған кезде кернеуі 12 Вольтке дейінгі шамдарды қолданыңыз. Шамдардың рұқсат етілген қуаты 25 Ваттан аспауы керек;

- егер жарықтандыру кезінде ақаулық анықталса (сымдардың қызуы немесе ұшқын шығару), онда гирляндты дереу электр желісінен ажыратыңыз;

- зақымданған немесе қорғаныш қасиеттерін жоғалтқан, өрт тудыруы мүмкін жарамсыз электр желілерін пайдаланбаңыз.

Подписывайтесь на наш Telegram
Узнавайте обо всем первыми. Если есть, что сообщить, пишите нам в WhatsApp
Новости партнеров

Лента новостей

След. →
Прямой эфир