Боралдай тасжолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

27.10.2023 в 16:11

Су құбыры желісін жөндеу жұмыстары жақында аяқталады

Алматыда су құбыры желісін жүргізу жұмыстарын аяқтау үшін 28 мен 30 қазан аралығында Боралдай тасжолында қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv

Алатау ауданында Барыс көшесінен Жаужүрек көшесіне дейін екі жаққа да көлік қозғалысы шектеледі. Асфальтбетон жабынын қалпына келтіру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі. Осылайша, 3,8 км су құбыры желісін және 4,6 км кәріз желісін салу аяқталады. Бұл Алатау ауданының 2,5 мың тұрғынын қамтиды, олар орталық суға қосылады. Бұған дейін тұрғындар жеке компанияның қызметін пайдаланған.

Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз. (Автобус бағыттары №10, №124, №81).

Алматы қаласы Энергетика және сумен қамту басқармасының мәліметінше, биыл 20 нысан бойынша 108,4 км су құбыры және кәріз желілерін 81,1 км су құбыры және 27,3 км кәріз салу жоспарланған, бұл халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігін 99,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, ауыз су желісін тарту жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде, себебі бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Мәселен былтыр Наурызбай, Алатау және Түрксіб аудандарының 18 шағын ауданы бойынша 153,9 км сумен жабдықтау және 118,3 км су бұру желілері салынды 60 мыңға жуық адам қамтылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстың арқасында сумен қамту желілерінің тозуы 56,2%-дан 55,8%-ға және кәріз желісінің тозуы 58%-дан 57,5%-ға дейін төмендеді.

Оқи отырыңыз: Елімізде демалыс күндері күн райы қалай өзгереді