ALMATY BLOG AWARDS: танымал медиа тұлғалар мен блогерлер марапатталды

17.09.2023 в 20:15

Іс-шарада 500-ден аса болгер бағын сынамақ

Шаһардың даңқын асқақтатып, мерейін үстем етіп жүрген танымал медиа тұлғалар мен блогерлер, әртістер марапатталды. Алматы күнінде «ALMATY BLOG AWARDS» салтанатты іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мерекелік шараға жиналған халық қаланың даңқын асқақтатып жүрген танымал тұлғаларды көруге асық. Қызыл кілемде белгілі медиа тұлғалар, блогерлер, өнер қайраткерлері мен жұлдыздар жиналып, сұхбаттасу рәсімі өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл – ақпарат тарату, қоғамдық пікір алмасуда жаңашылдық танытып жүрген азаматтардың мәртебесін көтеруге бағытталған алғашқы және ауқымды іс-шара.

– «Freedom star Qazaqstan» бүкілқазақстандық премиясымен бизнес, саяхат, спорт, саласында үлес қосып, отбасылық құндылықты насихаттаған, сұлулық сырын ашып, мейірімділікке үгіттеген, жаңалықтар жаршысы бола білген медиа тұлғалар мен инфлюенсерлерді 18 номинация бойынша марапатталады. 500-ден аса болгер бағын сынап отыр. Үздік деп танылғандарға арнайы мүсін мен сыйлық табысталады, – деді бүкілқазақстандық инфлюенсерлер мен блогерлер премиясының бас продюсері Жан Мұқанов.

Іс-шара тек ресми рәсіммен аяқталмайды. Сахнада көпке танымал әншілер мен әртістер өнер көрсетті. Олардың арасында жас таланттарды ерекше айта кеткен жөн. Садраддин, Рахым, Әділ, Әлішер Қонысбаев сынды өнер майталмандары сәнге айналған туындысын орындап, керемет кешті одан әрі көңілді етпек. Оларды тыңдауға 8 мыңнан аса халық жиналған

– Бала күні Алматының апортына, Көктөбесіне, табиғатына ғашық болған баланың бірі едім. Сол арманым орындалды. Қырық жылдан бері Алматының суын ішіп, дәмін татып, халқымен араласып жүрмін. Алматыны жақсы көремін. Басқа қаладан ұсыныс түскенде кеткен жопын, себебі Алматы – менің ғашық қалам. Алматыда тек ғашықтар тұрады деп ойлаймын, – деді әнші, актриса Жанар Айжанова.